Материалы за Март 2024 года » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2024 года
Сенбілік
29
март
2024
Сенбілік
#sarkan_bilim  #zetisy_bilim_baskarmasy  @almas_baigunusov @jasulan_beitek АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК. Бүгін 29.03.2024 ж. бүкіл аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке  Қарауылтөбе орта мектебінің ұстаздары мен кіші қызметкерлері де атсалысып, мектеп маңайын қоқыстардан тазалады. Наурыз –тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі.Сондықтан ортақ іске көп болып жұмылуымыз керек.  
Мен оқыған кітап
28
март
2024
Мен оқыған кітап
Қарауылтөбе орта мектебінің көктемгі демалыс кезінде "Мен оқыған кітап" атты қызықты іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұматтар беру, оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға үйрету. Кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру.Танымдық сабаққа 5,6-сынып оқушылары қатысты.Танымдық сабақ,   кітап туралы жұмбақ жасыру арқылы басталды.Кітаптың шығу тарихы жайлы мағлұмат айтылды.Әлемдегі кітап туралы мағлұмат берілді.Кітапты қалай ұқыпты ұстау керектігі
Мамандықтар әлемін ашамыз
26
март
2024
Мамандықтар әлемін ашамыз
2024 жылдың   26 наурыз күні "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық байқауға  барған  9 сынып оқушысы Какибай Аяулым, 7 сынып оқушылары Қастай Кәусар, Уали Айару және 10 сынып оқушысы  Абикен Айымгүл  алғыс хатпен марапатталып, қоржындарын тағы бір  жетістікпен толықтырды. Марапаттарың құтты болсын.    Әр оқушының жетістігі-ұстазының жемісі. Жеңісті күндер көп болсын!
Түнгі рейд
25
март
2024
Түнгі рейд
   Түнгі рейд іс шарасы атқарылды. Ауыл көшелерінде жүрген оқушылар анықталған жоқ.
Тазару күні
23
март
2024
Тазару күні
"ТАЗАРУ КҮНІ"  Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес,  Наурызнама бойынша 23 Наурыз -Тазару күні.  Наурызнама қорытындысы күні болып,  "Тазару күні" мерекесіне орай, тазалықты жанына серік еткен мектебіміздің  қызметкерлері мен оқушылары экологиялық акция өткізіп, мектеп ауласын  санитарлық тазарту және көркейту жұмыстарына  қатысып, сенбілік шарасына белсене араласты. #Біртұтастәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие  #sarkan_bilim  #zetisy_bilim_baskarmasy  @almas_baigunusov
Білім беру  ұйымының табысты көшбасшысы
14
март
2024
Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы
2024 жылдың 14 наурызында облыстық білім бөліміның ұйымдастырған " Білім беру  ұйымының табысты көшбасшысы" атты байқауына Қарауылтөбе орта мектебінің  директоры К.С. Кыдырманова  қатысып, " Білім беру менеджменті" атты номинациясы бойынша  жетістікее ие болды
Өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен  спорттық эстафета
13
март
2024
Өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен спорттық эстафета
12.03.2024 жылы Қарауылтөбе орта мектебінде Өнер бірлестігінің он  күндігіне орай дене шынықтыру сабағы бойынша 5-6 сыныптар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Сабақтың міндеті мен мақсаты: білім алушылар 1-спорттық шеберлігін арттыру. 2-Алаңда қозғалу техникасын дамыту. 3-салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу  бойынша ұстаным ұстану болып табылады. Эстафеталық жарысқа білімалушыларды сағат 15-00 шақырылып мектептің спортзалында өткізілді. Жарыс барысында төрешілер
"Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбында түсіндірме жұмыс
11
март
2024
"Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбында түсіндірме жұмыс
#Біртұтастәрбие #oqu_agartu_ministrligi #Біртұтас_тәрбие  #sarkan_bilim  #zetisy_bilim_baskarmasy  @almas_baigunusov @jasulan_beitek Қарауылтөбе орта мектебінің  басшысы К.Кыдырманова мектеп ұжымымен "Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді. Атап айтқанда; Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір
Көктем аруы-2024
04
март
2024
Көктем аруы-2024
Аудандық мектеп оқушылары арасында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай  "Көктем аруы-2024" байқауына аймақтық 9 сынып қыздар арасында байқау ұйымдастырылды. Мектеп атынан 9 сынып оқушысы Тойболды Жансая қатысты. 4 кезеңнен тұратын байқауға аруларымыз толық дайындықпен келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижесінде әр қыз өзіне тиесілі жүлделерін алып, сыйлықтар табысталды. Жансая қызымызға демеушілік жасаған ата анасына және қолдау көрсеткен  сынып жетекшісі мен сыныптастарына