Ақпарат » Страница 14 » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дүйсенбілік жиын
29
май
2023
Дүйсенбілік жиын
#sarkan_bilim  #zetisy_bilim_baskarmasy  @almas_baigunusov  @jasulan_beitek  Алмалы орта мектебінде "Жемқорлық індет-жою міндет" тақырыбында өткен интеллектуалды сайыста Қарауылтөбе орта мектебінің оқушылары 1 орынмен марапатталды. Жеңіс құтты болсын! Абикен Айымгул-9 сынып Сахбекова Асел-6 сынып Какибай Аяулым-8 сынып Құттыбек Дариға-7 сынып Сахбек Гауһар-10 сынып Қарауыл Ералы-10 сынып Жетекшісі :Абзалбекова Асем.
Дүйсенбілік жиын
29
май
2023
Дүйсенбілік жиын
  Дүйсенбілік жиын әдеттегідей Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Жаңа аптаға сәттілік тілеп,  мектеп директоры Қыдырманова Кенжегул Сейтхановна оқушыларды өткен аптадағы жетістіктерімен марапаттады.   Сахбекова Анель 'Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иеленіп ,облыстық жарысқа жолдама алды, 9-сынып оқушысы Тоқтасын Айерке "Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы" номинациясында 2- орынды еншіледі. Жетістіктерің құтты болсын!
Ас мәзірі
25
май
2023
Ас мәзірі
25.05. күні оқушылардың тегін тамақтануы бойынша тамақтың шығымы мен дайындалу сапасы тексерілді. Күнделікті ас мәзірінің сапасы мен дайындалу жағдайы талаптарға сай келеді.
Мамандық таңдау
24
май
2023
Мамандық таңдау
24.05.2023 ж. Алматы логистика және көлік академиясының колледжінің мамандары 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды." Дұрыс таңдау жаса! ACALT-ке оқуға түс те, ХХІ ғасырдың таңдаулы мансабына қол жеткіз!" -деген ұранмен мектеп оқушыларына колледждегі әр мамандық туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Таңдау болашақ жастардың қолында. Сәттілік тілейміз!
"Төтенше жағдай" оқу жаттығулары
23
май
2023
"Төтенше жағдай" оқу жаттығулары
23.05.2023 ж. Қарауылтөбе орта мектебінде "Төтенше жағдай" оқу жаттығуларына "Жер сілкінісі,су тасқыны,авариялық құтқару дайындау және өткізу туралы" № 83 бұйрық шығарылып, жалпы сейсможаттығулар өткізу және дайындық жоспары құрылды. Жер сілкінісі кезінде қандай әрекеттер жасауды айтып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадаммен таныстырып,оқушыларға видео ролик көрсетілді. Оқушыларға ең бірінші маңыздысы-сабырлы болып,үрейсіз әрекет ету және жылдам қозғалу
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" брейн-ринг
22
май
2023
"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" брейн-ринг
22 мамыр күні Алмалы орта мектебінде "Жемқорлық індет-жою міндет» тақырыбында брейн-ринг интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Сайысқа Қарауылтөбе,Жетісу,Көкөзек,Тасарық және Алмалы орта мектептері қатысты.Сайысқа әр мектептен 1 команда қатысты. Әр команданың қатысушылар саны 6 адамнан тұрды.
Аудандық олимпиада
22
май
2023
Аудандық олимпиада
Сарқан аудандық білім бөлімінің 2-4  сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет  пәні бойынша  ІІІ орынмен 3 сынып оқушысы Жексембекова Сафиа марапатталды. Жетекшісі: Жексембекова С.
Облыстық олимпиада
22
май
2023
Облыстық олимпиада
1. Сарқан аудандық білім бөлімінің 2-4  сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде "қазақ тілі мен әдебиет"  пәні бойынша  І орын 4 сынып оқушысы Шәріпқали Балнұр марапатталды. 2. Сарқан аудандық білім бөлімінің 2-4  сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ(облыстық) кезеңінде "қазақ тілі мен әдебиет"  пәні бойынша  І орын 4 сынып оқушысы Шәріпқали Балнұр марапатталды. Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!!! Жетекшісі:Мустафанова Алия Даулетовна. Мектебіміздің
Аудандық олимпиада
22
май
2023
Аудандық олимпиада
Сарқан аудандық білім бөлімінің 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәні бойынша  ІІ орын 7 сынып оқушысы Сақбек Маржан марапатталды. Жетекшісі:Есеркеева З.