23
май
2023
"Төтенше жағдай" оқу жаттығулары
23.05.2023 ж. Қарауылтөбе орта мектебінде "Төтенше жағдай" оқу жаттығуларына "Жер сілкінісі,су тасқыны,авариялық құтқару дайындау және өткізу туралы" № 83 бұйрық шығарылып, жалпы сейсможаттығулар өткізу және дайындық жоспары құрылды. Жер сілкінісі кезінде қандай әрекеттер жасауды айтып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадаммен таныстырып,оқушыларға видео ролик көрсетілді. Оқушыларға ең бірінші маңыздысы-сабырлы болып,үрейсіз әрекет ету және жылдам қозғалу керектігі айтылды. Ғимараттардан алысырақ жерге барып,үзілген сымдардан абай болып,құлаған ғимаратқа қайта кірмеу керектігі түсіндірілді. Жер сілкінісі кезінде сабырлықты сақтап,лайықты іс жасап,үрейге жол бермеңіздер!