10
ноябрь
2025
Теңге тарихы – жауапкершілік сабағы
«Теңге тарихы – жауапкершілік сабағы»Бүгін 4-сыныпта ата-аналардың қатысуымен «Теңге тарихы – жауапкершілік сабағы» атты танымдық сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихын таныстыру, қаржылық сауаттылық пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар:
Теңгенің пайда болу тарихымен танысты;
Мектеп түлегі Қастай Елжанның теңге коллекциясын тамашалады;
Атаулы мерекелер мен тарихи даталарға арналған теңгелердің ерекшеліктерін білді;
Теңге тарихы жайлы бейнематериалдар көріп, сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітті.
Шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтар мен экономикалық сауаттылық туралы түсініктерін кеңейтті.
Сабақты өткізген – сынып жетекшісі Э. Мамбетбаева.