Жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы
20
апрель
2023

Жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы

Жетісу облысы Сарқан аудандық білім бөлімінің Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының


Х а т т а м а с ы 

Күні: 20.04.2023 ж

Өтетін уақыты: 15.00

Қатысқаны: 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары

Барлығы:  40 ата-ана қатысты

Қатысқан мұғалімдер: 11


Күн тәртібінде:

  1. Балалардың желідегі қауіпсіздігі, кибербуллинг дегеніміз не?/Мектеп психологі Д.Құттыбек/
  2. Жазғы сауықтыру / Тәрбие ісінің меңгерушісі А.Абзалбекова /
  3. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы. Жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі/әлеуметтік педогог/ 
  4. Әртүрлі мәселелер

Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша мектеп психологі Д.Құттыбек сөз алып, қазіргі таңда республика көлемінде жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар туралы баяндап берді. Қазіргі таңда кеңінен тарап жатқан буллинг және кибербуллинг туралы видеоролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жадынама таратылып, буллинг орын алған жағдайда қандай шаралар қолдану керетігі жайында сөз қозғалды. Бүгінде әлеуметтік желілердегі танымалдылығы  жоғары, бала психологиясына кері әсер ететін зорлық-зомбылықты насихаттау,экстремизм,агрессия,кибербуллинг сияқты виртуалды ойындар еркін қолданыста. Бұл психикасы әлі толық қалыптаспаған жасөспірімдерге теріс ақпараттың ықпалына түсуі әбден мүмкін екенін айтты. Осыған байланысты,әлеуметтік желілер  балаларға кері әсерін тигізбес үшін қорғау шараларын бірігіп қолға алу керектігі айтылды. Жағдаяттық сұрақтар қойылып,ата аналар ой бөлісті. 

        Тыңдалды : Екінші сұрақ бойынша тәрбие орынбасары А.Абзалбекова  сөз алды: жазғы сауықтыру туралы айтты. Мектеп бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 28 оқушы бар деді. Оның 11 сыныптағы 1 оқушысы жазғы сауықтыру лагеріне жіберілмейді, одан басқа 27 оқушының 15-сі   жаз уақытында  Жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатқа тегін лагерьлерге барып демалатыны жайында айтып өтті. Соған байланысты ата-аналар өтініш беру керектігін айтылып ескертілді. Лагерьге баратын оқушылар міндетті түрде денсаулықтары жақсы және таза болулары керек. Жазғы уақытта ата-аналардың демеушілігімен де демалатын оқушыларға тоқталып өтті. Баратын оқушылар

3. Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Г: Имашева отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы жайлы видео ролик көрсетіп, тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасынан алатынын айтты. Отбасы-бала үшін алтын бесік. Сондықтан бала тәрбиесіне аса көңіл қойып;ата-ана,мұғалім,қоғам болып бірге тәрбиелі ұрпақ өсіруімізге бірге атсалысу керектігін айтты.

4. Төртінші кезең бойынша мектеп директоры К.Кыдырманова  «Мектепте ақша жинамау» туралы шыққан бұйрықпен таныстырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын бағытындағы жұмыстарды жандандыру керектігін баса айтты. Мектепте түрлі себептермен мұғалімдерге сыйлық бермеу,мектеп бітіру кештерін өткізбеуге қатаң тыйым салынатыны жайлы ескертті. Бұйрықпен танысқандары жайлы қол қоюларын сұрады.

Түнгі уақытта оқушылар заңды өкілдерінсіз сағат 21.00-ден кейін көшеде жүрмеу керектігі жайында айтты. Күнделікті мектеп әкімшілігі және мектеп мұғалімдерінен кезекшілік кестесі құрылып, түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізілетіндігі жайында айтып өтті. 

Мектеп медбикесі П.Бемуратова өткенде мектепте өткен профосмотрдан кейінгі оқушыларға дәрігердің қойған денсаулықтарына байланысты аудандық дәрігерлік тексерістен өту керектігін айтты. Оқушылардың көпшілігі көз дәрігерлік қабылдауға бару керектігі айтылды. Бұл да балалардың телефонға көп қарайтынының әсерінен деп,ата аналарға ескерту айтты. Кәзірден қолға алып,телефонды балаға бергенше,бала денсаулығын күту керек деді.  


Шешім етеді :

  1. Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу үшін  мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы жүйелі жұмысты жандандыру, зорлық –зомбылық пен күш көрсетудің, тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілсін. Кибербуллинг,буллингке  душар болған жағдайда «Сенім телефоны» , «Сенім жәшігі»  ақпараттық қызметінің қызметін   пайдалану. Түнгі уақытта оқушыларды себепсіз, заңды өкілдерінсіз көшеге шығармау
  2. Оқушыларды жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберу
  3. Бөгде адамдармен қарым – қатынас жасауды басты назарда ұстау
  4. Аты аталған оқушыларды жазғы демалысқа шықпай дәрігерлік қабылдауға ата аналары апарсын.


Орындаған: ДТІЖО                 А.Абзалбекова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив