Бала құқығы-адам құқығы"атты онкүндік шара бойынша жалпы ата аналар жиналысы » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала құқығы-адам құқығы"атты онкүндік шара бойынша жалпы ата аналар жиналысы
27
январь
2023

Бала құқығы-адам құқығы"атты онкүндік шара бойынша жалпы ата аналар жиналысы

Бүгін Қарауылтөбе орта мектебінде Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының негізінде дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы"атты онкүндік шара бойынша жалпы ата аналар жиналысы өткізілді.  "Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық"деген тақырыппен ата аналарды күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырып өттік.
1. "Баланың бас ұстазы ата ана" психологиялық тренинг
2. І тоқсан қорытындысы
3. "Бала құқығын қорғау,жеке тұлға қалыптастыру"
4. "Суицидтік мінез құлықтың алдын алу" мен  "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны"
1. Аналармен мектеп психологі Д. Қуттыбеков тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: бала тәрбиесінде ата ана мен мектеп және ұстаздың тығыз байланысын арттыру. Бала тәрбиесіне бірігіп атсалысу. Бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап,ұрпағымызды назардан тыс қалдырмау болды. Тренинг соңында аналардың бәріне тәттілер ұсынды. Керемет,қызықты тренинг үшін Дархан ағайымызға алғыс айтамыз.
2. Оқушылардың І тоқсандағы үлгерімі жайлы оқу ісінің меңгерушісі Г. Касымбаева    айтып өтті. Осы орайда мектеп директоры К.Кыдырманова мектеппен тығыз байланыста болып,оқу үлгерімі төмендеген ата аналарға балаларының сабағына кесте бойынша қатысып тұруларын және күнделікті балалардың kundelik kz платформасына уақытылы кіріп отыруларын ескертті. І тоқсан бойынша қанағаттанарлық деген баға берді.
3. Әлеуметтік педогог Г. Имашева "Бала құқығын қорғау"жайлы баяндама оқыды. Мектебіміздің қорғаншылық кеңесінің төрайымы П.Бекмуратова келген ата аналарға  мектепте болып жатқан әртүрлі акцияларға атсалысып, қатысып көмек қолын созуға ұсыныс тастады. 
4.  Тәрбие ісінің орынбасары А.Абзалбекова "Суицидтің алдын алу" және "Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны"жайлы айтты. Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайды. Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады- деп түсіндіріп,балаларының ұялы телефондарын күнделікті бақылауда ұстауларын өтінді. Ата аналарға жиналыс соңында әсерлі,мағыналы видеолар көрсетілді. Осы сәтте мектебіміздегі түрлі әлеуметтік мәртебеге ие аналарымызды  "Алғыс хатпен" марапаттап құрмет көрсеттік. Жиналыс қорытындысын  4 сынып оқушылары Кабер Каусар мен Кабер Іңкар "Ақ құс"әнімен қорытындылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив