Әділ болу – өзіңе де, өзгеге де құрмет
6-сынып оқушыларымен «Әділ болу – өзіңе де, өзгеге де құрмет» атты сынып сағаты өткізілді. Балалар әділдік пен адалдықтың өмірдегі маңызын түсініп, бір-біріне құрметпен қараудың мәнін ұқты. Әділдік – бұл тек ережелерді сақтау ғана емес, өз жүрегіңді таза ұстау, өзгелерді сыйлау және дұрыс шешім қабылдау. Өз ісіңде әділ болу – өзгеге де, өзіңе де құрмет көрсету! Әрқайсымыздың кішкене әділ ісіміз әлемді жақсартуға сеп болады. Сынып жетекшісі Ш. Құмарбек