09
февраль
2023
“МҰҚАҒАЛИ-МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР”
“МҰҚАҒАЛИ-МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР”Бүгін мектебімізде Хан тәңірінің мұзбалағы, тума талант, поэзияның пырағы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" кеші ұйымдастырылды.
Әдеби-сазды кешке арнайы ат көліктерінің басын бұрып келген Аманкелді ауылдық округінің мәдениет үйінің қызмеркелері келіп , ақын жырларынан шашу шашып,әсем әндер орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. .
Ақиық ақын Мұқағалидің мәнерлеп оқу байқауының қорытындысынан іріктеліп шыққан оқушылары мазмұн мәйегі мол өлеңдерін жатқа айтып,ақынға деген құрметтерін көрсетті.
Осылайша жүректерге рухани азық сыйлайтын поэзия кешінің көзайымы болдық. Әдебиетті сүйетін, өнерді бағалайтын осындай шәкірттерімді мақтан тұтамын! Т