13
март
2023
Балаларды табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға баулу
Балаларды табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасау мақсатында Қарауылтөбе орта мектебінде 6 сынып ұлдарымен көркем еңбек пәні мұғалімі Тоғанбаев Қизат ағайдың көмегімен құстарға ұя жасады.Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Себебі, көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Құстарды қорғайық! Құстар-біздің досымыз!