Бірлік күні » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2023

Бірлік күні

Тақырыбы: "1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы. Мақсаты:  Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу, тілдеріне қолдана білуге баулу, танымдық қабілетін арттыру. Мақал-мәтелдердің қуатты тәрбие құралы екендігін таныту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа,  ептілікке төселдіру, тіл байлықтарын арттыру.Берекені мақсат тұтқан еліміз ешқашан мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан асатам ұлт пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын алға тартып, бұл мерекені атаулы күн санаймыз.Бірлік болмай-тірлік болмас. Ырыс алды-ынтымақ.Ауылы бірдің-ауызы бір.1-мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне орай "1001 мақал, 101 жұмбақ" сайысы 5,6,7-сыныптар арасында өткізілді.Сайыс 7 бөлімнен өтті.1-кезең: "Тіл ширату" әр түрлі жағдайларға сөз тіркестерімен жауап берді. 2-кезең:  "Мақал сөздің мәйегі" мақалдың жалғасын тапты.3-кезең: "Жұмбағым жұтылды" бұл бөлімде әр топ бір жұмбақтан жасырды.4-кезең: "Зерек болсаң зерделе" әр топқа тақырып берілді, сол тақырып бойынша  5  мақал айтты.5-кезең: "Әзіл аралас сұрақтар" қойылған сұрақтарға мақалмен жауап берді. 6-кезең: "Бір сөзбен айтқанда" бұл кезеңде мақалдар айтылды, сол мақалдың не туралы екенін, мағынасын айтты.7-кезең: "Кім көп біледі? мақал-мәтел айтудан жарысты.Яғни әр топ өздері білетін мақалдарды айтты. Бірлік туралы сайыс 5,6,7 сыныптар арасында өте қызықты өтті.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Тірлік, тірлік түбі бірлік.Сайыс соңында әділқазы алқасы қай сынып жеңіске жеткенін айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив