Сыңғырла соңғы қоңырау » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыңғырла соңғы қоңырау
01
июнь
2023

Сыңғырла соңғы қоңырау

Оқу жылы аяқталып бізбен қош айтысып, бүгін, міне, бір оқу жылын да артта қалдырдық. Көңіл-күйіміз көтеріліп, болашағымызға деген сенім нығайып, қос мерекені де атап өттік.
Барлықтарыңызды бүгінгі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – ошақ қасы аман болсын! Ұл-қыздарымыздың денсаулығын берсін! Алла бәле-жаладан, ауру-сырқаудан аулақ етсін! Жақсылық болсын!
Барлықтарыңыздың бастарыңызға бақ берсін!  Жүректерімізде тек қана игілік билік құратын болсын! Айналамызға шуақ шашып жүрейік! Ешбір жанды баласымен сынамасын,балаларымыз аман болсын!
Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
1 маусым- Халықаралық балалар күніне арналған «Балалардың игілігі үшін!»  атты соңғы қоңырау салтанаты  болып, соңғы қоңырау үні естілді. Оқу жылын аяқтап, қырандарымызды үлкен өмірге шығарып салдық. Бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау соғылып, қуаныш пен шаттыққа толы мектептегі күндер артта қалды. Мектеп директоры: К.Кыдырманова  оқу жылын қорытындылап салтанатты жиынды ашып, түлектерге ҰБТ тестілеуде сәттілік тіледі. Түлектер қимас сезімдерін әсем әнімен, жүрек жарды тілегімен, керемет биімен жеткізді.  Бәрі де балалар үшін,қуанса бала қуансын деген ұранмен  жан жақтан демеушілік көрсеткен ауыл азаматтары мен азаматшаларына алғыс айтамыз! Атап айтсақ:
1. Сарқан ауданының тұрғыны-Смаилова Балғайша
2. Қамқоршылық кеңес мүшелері:
Абдрашев А.
Ахметкалиев С.
3 Имашев Азат.
4. 2015 жылғы  түлектер
5. 1989 жылғы түлектер
6. Қабанбаев М.
7. Утеугалиева Ш.
8. Жумағазиева Гулия
9.Мектеп ұжымына алғыс білдіреміз! Балаларға демеушілік көрсетіп,сыйлықтар мен тәтті сусындар балмұздақтар таратты. Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!
 Салтанатты жиынымыз жоғары деңгейде өткізілді. Биылғы оқу жылында мектебімізден түлеп ұшқан түлектерімізге “Сәт сапар” деп қол бұлғаймыз .
Алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен,жоғары көрсеткіштеріңізбен қуанта беріңіздер!
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын!
Барлығыңызға ақ жол тілейміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив