08
июнь
2023
Жазғы алаң





КІТАП - БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!Қарауылтөбе орта мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы алаңының тәрбиеленушілеріне "Кітап - біздің досымыз" тақырыбында мектеп кітапханасына саяхат сабағы өтті.
Мақсаты: Білімнің кілті- кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы оқушыларды жайдары жүзбен қарсы алып, оқушының жас ерекшілігіне қарай ертегі кітаптарды ұсынды және кітапхана ережесімен таныстырды. Балалар оқыған кітаптары бойынша мазмұнын баяндады.