"Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі" тақырыбында үгіт насихат » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі" тақырыбында үгіт насихат
11
октябрь
2023

"Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі" тақырыбында үгіт насихат

"Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі"  тақырыбында үгіт насихат


Мектебімізде 2023 жылдың 9 қазаны бастауыш сыныптарында «Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі» тақырыбында үгіт насихат жүргізілді. Ал 5-7 сыныптарда «Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге үйрету.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Үгіт насихат барысында ауылымыздың мейірбекесі Б.Жаксылыкова түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар денсаулықты күтудің негізгі бағыттары - спортпен шұғылдану және дұрыс тамақтану жайлы нұсқаулармен таныстырды.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру; Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Денсаулық-зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі-денсаулық. Денсаулық-адам өмірінің тірегі.
Әл-Фараби бабамыз: "Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек" деген екен.
Адамның басты байлығы-денсаулық,сондықтан денсаулығымызға мән берейік! Атқарылған игілікті іс-шара болашақта мектебімізде жалғасын таба бермек.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив