20
ноябрь
2023
Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын тәрбие сағаты
20.11.2023ж.Дүйсенбілік жиын дәстүрлі түрде ҚР. Мемлекеттік Гимнімен басталды. Аптадағы өтетін жұмыстармен таныстырып,кезекші сынып атқарған жұмыстарына есеп берді.
Мектепте Республикалық ауыл баласы олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысатын 9-11 сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді. Олимпиаданың бастапқы (аудандық) кезеңінде оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.