Ақпарат » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ойдағы өзгеріс- өмірдегі қауіпсіздік
16
февраль
2026
Ойдағы өзгеріс- өмірдегі қауіпсіздік
Мерзімі 16.02.2026 7 сынып. Тақырыбы; Ойдағы өзгеріс- өмірдегі қауіпсіздік. 10 - қауіпсіздік сабағы: Біздің құқығымызбен міндеттеріміз. Мақсаты: Құқықтық тәртіп ұғымын және оның қоғамдағы маңызын түсіндіру. Тапсырма: Жұптық жұмыс. 1 жұп: құқықтық тәртіп. 2 жұп: әлеуметтік желідегі жауапкершілік. Әр жұп өз тапсырмаларына постер құрып, өз ойларымен бөлісті. Қауіпсіздік сабағында құқықтық тәртіп және оның міндеттерімен танысты. Негізгі қауіпсіздік ережелерді  қалай сақтау керек екенін меңгерді.
Аудандық шебер сынып байқауы "Озық ойлы педагогтар" номинациясы
12
февраль
2026
Аудандық шебер сынып байқауы "Озық ойлы педагогтар" номинациясы
12.02.2026 ж.Аудандық шебер сынып байқауы "Озық ойлы педагогтар" номинациясы
Мектеп асханасының жұмысын бақылау
12
февраль
2026
Мектеп асханасының жұмысын бақылау
Мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында қамқоршылық кеңес тарапынан тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, оқушыларға берілетін тағамның сапасы, ас мәзірінің талапқа сай болуы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың тегін тамақпен қамтылуы қарастырылды. Тексеру нәтижесінде асханадағы тазалық жағдайы қанағаттанарлық екені анықталды. Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес жасалып, күнделікті тағам түрлері уақытылы дайындалатыны байқалды.
М. Мақатаев оқулары 2 дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Сатбайұлы Абай
09
февраль
2026
М. Мақатаев оқулары 2 дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Сатбайұлы Абай
09.02.2026  М. Мақатаев оқулары 2 дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Сатбайұлы Абай
Оқы, ойлан, жаңашыл бол
09
февраль
2026
Оқы, ойлан, жаңашыл бол
«Оқы, ойлан, жаңашыл бол!» – атты сынып сағаты өтті. Мақсаты әрбір оқушыны білімге құштар болуға, алған білімін саналы түрде саралап, өз пікірін қалыптастыруға үндейтін өмірлік қағида. Оқу арқылы адам дүниетанымын кеңейтеді, ойлану арқылы дұрыс шешім қабылдауды үйренеді, ал жаңашыл болу – заман талабына сай шығармашылықпен әрекет етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Бұл ұстаным жас ұрпақты жауапкершілікке, ізденіске және табысты болашаққа жетелейді.
«Жаңашылдық – болашақтың кілті
02
февраль
2026
«Жаңашылдық – болашақтың кілті
Сынып сағатының тақырыбы: «Жаңашылдық – болашақтың кілті» Сынып: 9 сынып Жаңашылдық – ойдың ұшқырлығы, білімнің биігі, болашаққа бастар жол.  Сынып сағатының мақсаты Оқушыларды жаңашыл ойлауға, шығармашылыққа баулу, заманауи білімнің маңызын түсіндіру және болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Қорытынды: Оқушылар жаңашылдықтың маңызын түсінді, өз идеяларын еркін жеткізе алды және болашақ мамандыққа саналы көзқарас қалыптастырды.
ДосболLIKE" жобасы аясында мектеп парламенті оқушылар мен ұстаздар арасында өзара сыйластықты, мейірімділік пен қолдауды насихаттап, буллингтің алдын алу мақсатында достыққа үндейтін түрлі акциялар,
31
январь
2026
ДосболLIKE" жобасы аясында мектеп парламенті оқушылар мен ұстаздар
31 қаңтар "ДосболLIKE" жобасы аясында мектеп парламенті оқушылар мен ұстаздар арасында өзара сыйластықты, мейірімділік пен қолдауды насихаттап, буллингтің алдын алу мақсатында достыққа үндейтін түрлі акциялар, челлендждер және тәрбиелік іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. #ДосболLike
Заң – тәртіптің айнасы» атты интеллектуалды ойын
27
январь
2026
Заң – тәртіптің айнасы» атты интеллектуалды ойын
27 қаңтар. Құқық айлығына орай аудандық мектептер арасында «Заң – тәртіптің айнасы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Ойынға «Астарлап» командасынан Қастай Кәусар мен Таңатар Аяулым қатысып, белсенділіктерін танытты және «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қамқоршылық кеңес жұмысы
23
январь
2026
Қамқоршылық кеңес жұмысы
24 қаңтар Мектепте Қамқоршылар кеңесінің мүшелерімен жоспарлы отырыс өтті. Кездесу барысында білім беру сапасы, оқушылардың қауіпсіздігі, ыстық тамақпен қамту, тәрбиелік жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Ұсыныстар айтылып, нақты шешімдер қабылданды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 28 Вперед