12
февраль
2026
Мектеп асханасының жұмысын бақылау
Мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында қамқоршылық кеңес тарапынан тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, оқушыларға берілетін тағамның сапасы, ас мәзірінің талапқа сай болуы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың тегін тамақпен қамтылуы қарастырылды.Тексеру нәтижесінде асханадағы тазалық жағдайы қанағаттанарлық екені анықталды. Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес жасалып, күнделікті тағам түрлері уақытылы дайындалатыны байқалды. Тағамдардың сапасы мен сақталу мерзімі тексеріліп, талапқа сай екені анықталды.
Сонымен қатар әлеуметтік жағдайы қорғалмаған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы бақылауға алынды. Барлық тиісті оқушылар белгіленген тәртіп бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіліп отыр.