16
февраль
2026
Ойдағы өзгеріс – өмірдегі қауіпсіздік»
16 ақпан күні 9 сынып оқушыларымен «Ойдағы өзгеріс – өмірдегі қауіпсіздік» атты тақырыпта сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылардың ойлау көзқарасын өзгерту арқылы өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік шараның мақсаты айқындалды. Бұл сынып сағатында қауіпсіз мінез-құлық ережелері, зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс шешім қабылдау және төтенше жағдайларда өзін-өзі қорғау дағдылары түсіндірілді.Іс-шара оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын нығайтып, қауіпсіз әрі саналы әрекет ету мәдениетін дамытуға ықпал етеді.