19
декабрь
2025
Буллинг/кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алуда баланың мінез-құлқын қалыптастыру
19.12.2025 . Тақырыбы: «Буллинг/кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алуда баланың мінез-құлқын қалыптастыру»
Мақсаты:Жасөспірімдерде зорлық-зомбылық пен жеке шекара мәселесінің түсінігін
қалыптастыру, олардың әлеуметтік жағдайларды сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру және өзін-өзі тиімді қорғау дағдыларын дамыту.
Қатысушылар: 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары
2025–2026 оқу жылында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10–11 сынып ата-аналарына «Буллинг/кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алуда баланың мінез-құлқын қалыптастыру» тақырыбында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары
тренинг-сабағы өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің зорлық-зомбылықтың түрлерін дұрыс түсінуі, жеке шекараның маңыздылығын ұғынуы, өмірлік жағдаяттарды сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамыту және қауіпті жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын меңгерту болды.
Ата-аналармен жылы атмосфера қалыптастырылып, жеке шекара ұғымын ашатын өмірлік оқиғалар талданды. Жасөспірімдердің түрлі жағдайларда өзін қалай сезінетіні, қолайсыздықты қалай танитыны туралы пікірлесу жүргізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қауіп факторлары, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, буллинг пен кибербуллингтің белгілері, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнату, қауіптің алдын алу және туындаған жағдайда көмек көрсету жолдары бойынша ұсыныстар айтылды.
Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде ата-аналардың бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі артып, көтерілген мәселелер бойынша сұрақ-жауап алмасу өтті.