Оқы, ойлан, жаңашыл бол
«Оқы, ойлан, жаңашыл бол!» – атты сынып сағаты өтті. Мақсаты әрбір оқушыны білімге құштар болуға, алған білімін саналы түрде саралап, өз пікірін қалыптастыруға үндейтін өмірлік қағида. Оқу арқылы адам дүниетанымын кеңейтеді, ойлану арқылы дұрыс шешім қабылдауды үйренеді, ал жаңашыл болу – заман талабына сай шығармашылықпен әрекет етіп, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Бұл ұстаным жас ұрпақты жауапкершілікке, ізденіске және табысты болашаққа жетелейді.