07
март
2023
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2023 жылдың наурыз айының 7 жұлдызында "Өзін өзі басқару"ұйымы және мектеп ұжымының ер азаматтарының ұйымдастыруымен ана ұстаздар мен мектеп оқушы қыздарға арналған мерекелік кеш болып өткізілді. Таңертең ертемен,әр нәзік жандыларды музыкалық әуенмен,гул шоқтарымен қарсы алған сәт,әр жанның көңіліне жылу ұялатты.Әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі мейірімділікке, сый құрметке лайық екені анық. Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалау мақсатында өткен іс-шарада, аналарға,қыздарға құттықтау сөздерін айтып,көтеріңкі көңіл сыйлады . Кеш мектеп оқушылары дайындаған шараға ұласып, әсем әндер шырқалып,мектеп өнер қырандарының көрінісімен көпшілікке әсерлі көңіл күй сыйлады. Аналарға сөз беріліп, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді,қаншама жылдар мектепте қызмет еткен,кәзіргі таңда зейнеткерлікте отырған Қаршыға апай құттықтау сөз айтып,ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.