07
февраль
2023
"Бір ел-бір кітап" республикалық акция
"Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келе жатыр. Осы акцияның мақсатында Пограничник ауылының кітапханашысы Ж. Райымбекова Қарауылтөбе орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларымен "Бір ел-бір кітап"акциясы аясында қазақ әдебиетіне проза мен драма жанрында танылған қаламгер ақын Төлен Әбдік шығармалары нан таныстыру және насихаттау мақсатында танымдық сағат өткізілді. Кітап көрмесі таныстырылып, жазушының "Парасат майданы" шығармасы оқуға ұсынылды.