14
октябрь
2022
Республикалық балалар оқулары байқауы ІІ (облыстық) кезеңі
14 қазан айында Талдықорған қаласында " Балалар жылы" аясында оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру ,қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында Республикалық балалар оқулары байқауы ІІ (облыстық) кезеңі 3-10 сыныптар арасында өткен білімділер сайысында Қарауылтөбе орта мектебінің 6-сынып оқушысы Сахбекова Әсел қатысып, " Жетісу дарыны" орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Білім жолындағы қанатың талмасын, Жас қыран!!!" Талап қыл артық білуге,артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге..." деген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының сөзін барша оқушыларымызға ұғындырып,кітап оқудың құндылықтарын үйретуден жалықпайық!