17
март
2023
Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара
Қарауылтөбе орта мектебінде 17-наурыз күні "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айта отырып, ортада қазақтың «Бесік той», "Сүйінші сұрау", "Ат қою", "Тұсау кесу" дәстүрлерін тамашалады, әсем әндер шырқалды.
Ұлыстың ұлы күнінде өткізілген мерекелік іс-шарамыз осындай жоспар барысында өткізілді:
1. Математика пәнінің мұғалімі Есеркеева Зульфия апайымыздың Жер Ана рольінде кіруі;
2. Көрісу,Жарапазан айту, Саумалық айту дәстүрлерін көрсетті;
3. Қыдыр Атаның келіп,бата беруі;
4. Наурыз Арудың құттықтауы;
5. Ауылдардың өздеріне тапсырылған дәстүрлерге қойылым қоюы;
6. Өнерлі оқушыларымыздың өнері
7. "Аластау" дәстүрін ауылымыздың тұрғыны Райымбекова Жанар апайымыз жасап, ыстық лебізін білдірді.
8. Ата аналар қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жақсылықова Бұлбұл апайымыз тәттілерден шашу шашып, ата-аналармен, балалардың езуіне күлкі сыйлады.
9. Қорытынды құттықтау сөз мектеп директоры Кенжегүл Сеитханқызына беріліп, мектеп ұжымына деген аудандық және мектепшілік мақтау қағаздарымен мадақтады.
Бүкіл қазақ еліне!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа жыл келді. Ендеше, тойымызды ұзағынан сүйіндірсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Мемлекетіміз тұғырлы,Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын.Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке,ырыс әкелсін.