НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ🌷 » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ🌷
17
март
2023

НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ🌷

НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ🌷

Қарауылтөбе мектебінде  жыл басы Наурыз мерекесін тойлау барысында математика пән мұғалімі Есеркеева Зульфия апайымыз "Наурыз әже" болып киініп,
мерекенің нышаны болып табылатын наурыз көжені тілек ретінде мектеп ұжымы мен оқушыларына таратып,ақ батасын берді.
Жасы үлкеннен бата алған үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен, құлақ түре тыңдады. 
Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. 
Бата, ол – дұға. 
Қазақтың бата сөздері – тамыры тереңде жатқан, тарау-тарау халық тарихымен тағдырлас, қиын уақыттың небір талқысына да түссе де, елдің тұрмыс салтында тайға таңба басқандай айқын із қалдырған, бүгінгі күнге жетсе де, тынымсыз талғампаз талай ұрпақ үшін тәлім-тәрбие болған тағылымы мол тамаша мұрамыз. 
 Өйткені жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер тәрбиенің бастау бұлағы.  
Халықтың тілек – бата сөздері жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды, малды – басты, дәулетті – бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді, жерін, елін қорғауға талапты мықты болып ер жетуге тәрбиелейді.  
Бата беру – алғыс айту, ақ ниетін білдіру, ақ тілек тілеу. 
Зульфия апайдың баталары қабыл болып,Әз Наурызымыз құт береке,ырыс әкелсін,ақ мол болсын!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив