04
сентябрь
2023
Тәрбие бағдарламасы
2023-2024 оқу жылының әдістемелік нұсқаулық хатымен Қарауылтөбе орта мектеп директоры К.С.Кыдырманова ұстаздар қауымына жалпылама түсіндіріп өтті. Соның ішінде биылғы биылғы жылы тәрбиенің өзгешелігі ұлттық құндылықтарға аса мән бергені және үш бағытта жұмыс түрлерін жандандыруды іске асыруды атап өтті. ДТІЖ орынбасары А.А.Абзалбекова - Біртұтас тәрбие бағдарламасы: "Құндылықтар және оның іске асыру жолдары" тақырыбында өткен семинар туралы сынып жетекшілерге қысқаша шолу жасады.