Әкем,анам және мен” тақырыбында спорттық сайыс » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әкем,анам және мен” тақырыбында спорттық сайыс
15
сентябрь
2023

Әкем,анам және мен” тақырыбында спорттық сайыс


Әкем,анам және мен” тақырыбында спорттық сайыс






Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Осыған орай
бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» және Денсаулық күніне арналған “Әкем,анам және мен” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді.Спорттық сайыстың мақсаты: оқушыларымызды отбасылық құндылықтарды дарыту,ынтымақтастық,бірлік құндылықтарына шақыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Ата-аналарды мектеп өміріне тарту, мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық орнату.
Жарысқа 5 отбасы қатысты.
Сайыс 5 кезең бойынша өтті. Сайыс қорытындысында
І орын Тасарық орта мектебі
ІІ орын Алмалы орта мектебі
ІІІ орынға Қарауылтөбе орта мектебі ие болды. Жетісу орта мектебі мен Көкөзек орта мектебінен келген топтар номинациялармен марапатталды.
Жарыс өте қызықты, тартымды өтті, барлығы белсене қатысып, қызығушылықтарын көрсетіп, әр отбасына сыйлықтар мен аудандық білім бөлімінің марапаты ұсынылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив