19
сентябрь
2022
"Менің кіші Отаным" Зияткерлік конкурс
"Дарын"РҒПО ұйымдастыруымен жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным атты V республикалық зияткерлік конкурсы 3 кезеңде өткізіледі; 1.бірінші (аудандық)кезең -19 қыркүйек 2. (Облыстық)кезең -14 қазан. 3.(Республикалық)кезең- 1-3қараша .19 қыркүйек яғни бүгін "Менің кіші Отаным " зияткерлік конкурсының 1-і кезеңіне мектебімізден туған елдің тарихына қызығушылық танытып 9-10 сынып оқушылары арасынан 7-і оқушы қатысты ,конкурс онлайн форматта,zoom платформасы арқылы облыстан қадағаланды.Конкурс екі кезең бойынша өткізілді бірінші кезең Қазақстан тарихы пәнінің сұрақтары бойынша тестілеу ,екінші кезең эссе жазу ,әр сыныпқа жеке тақырыптар ұсынылды ,9-сынып оқушыларына ұсынылған тақырыптар 1.Ахмет Байтұрсынұлы -ұлт ұстазы 2.Менің кіші Отанымның құндылықтары 3.Менің кіші Отанымның болашағы. 10-сынып оқушыларына ;1.Менің кіші Отаным-алтын бесігім 2.Менің кіші Отанымның мақтанышы. 3.Менің кіші Отанымның тарихы әр кезеңге 60 минут уақыт берілді.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Тарих пәні мұғалімі: Иманкулов.М.Е
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Тарих пәні мұғалімі: Иманкулов.М.Е