27
сентябрь
2022
"Қазақстан Республикасы Құқықтық мемлекет"
Құқық айлығының жоспапына сәйкес 9 сынып пен 11 сынып оқушылары арасында "Қазақстан Республикасы Құқықтық мемлекет"атты пікірталас сабағы болды.Мақсаты: Құқықтық мемлекеттің принцптерін,жүзеге асырылуын түсіндіру. Құқықтық мемлекет деген не және оның белгілерін түсіндіре отырып,заңдық сауатты адам ретінде заңды орындап,заңға қайшы әрекеттер жасамауға тәрбиелеу .
Екі топқа бөлінген білім алушылар ең бірінші ұйымдастырушы дайындаған өткен сабақтарды еске түсіре отырып , өз ойларын еркін жеткізіп,бір біріне сұрақ қоя отырып пікір алмасты. Құқықтық мемлекетке тән және құқықтық мемлекетке тән емес белгілерді ажыратып,дәлелдеп факт келтіру арқылы ортаға шығып өз ойларын анық толқы жеткізді.
Бүгінгі шараға қатысушылар :бойында азаматтық жауапкершілік сезімдерін,өз елінің алдындағы азаматтық борышын,Отан мүддесіне қызмет етуге дайын тұлға екендерін көрсетті . Ұйымдастырушы -Токтарбаев Серік.