ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ"
21 қаңтар "ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ" Құқық айлығы аясында мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге мектеп инспекторы қатысып, оқушыларға құқықтары мен міндеттері, мектеп тәртібі, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, зиянды әдеттердің салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар заң талаптарын сақтаудың маңызын түсініп, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды.