МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙ БІЛ.  » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙ БІЛ. 
26
октябрь
2022

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙ БІЛ. 

Тақырыбы: МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙ БІЛ.     9-10-11 сыныпқа өткізу
Мектеп психологі Д.Куттыбековтың ұйымдастыруымен  оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өзіне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу мақсатында өтізілген кәсіптік бағдар беру жиыны керемет көңіл күймен басталды. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
"Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар"-деген сұраққа 
 5 топқа бөлінген балалар,ортаға шығып сұрақ бойынша мамандық жайлы өз ой пікірлерін еркін жеткізе білді. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды таңдау туралы, гранты көп оқу орындарына таңдамай түсе салу ,уақытты бос өткізгенмен тең екенін және ата ананың қалауымен көп бала оқу орындарына баратыны жайлы ойларын еркін айтты. “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” — деген Жүсіпбек Аймауытовтың мұралы сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ.  Болашақ жастарға кәсіптік бағдару беру бойынша өткізілген шағын жиынымыз әр баланың өз өміріне дұрыс кірпіш боп қалануына септігін тигізсе екен деген ойдамыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив