«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды » Қарауылтөбе орта мектебі
"Жетісу облысының білім басқармасы
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Қарауылтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-42-07
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды
17
октябрь
2023

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды


«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды


#біртұтас_тәрбие
#sarkan_bilim
#zetisy_bilim_baskarmasy
@almas_baigunusov
@jasulan_beitek
Қарауылтөбе орта мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі « Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» және Жетісу облысының білім басқармасы ММ 2023 жылғы 12 қазандағы №1423-н бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы құрылды. Орталық қызметті бақылауды ұйымдастыру директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Абзалбековаға жүктелді. Сонымен бірге, қызметті ұйымдастыруда әлеуметтік педагог, психолог және сынып жетекші комиссия құрамына енгізілді. Ұсынылған бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесі жасақталды.
Мектеп директоры К.С.Кыдырманова ата аналарды қолдау орталығының жұмысының жоспарының мазмұнымен таныстырды.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мектеп пен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Құрметті ата- аналар, өздеріңізге белгілі бала тәрбиесі қазіргідей заман ағымында кейбір қиындықтар туғызуда, осыған байланысты аталған орталықтың сіздерге берері көп.
Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және балалардың басқа да заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Орталықта ата-аналар интерактивті режимде балаларымен нақты позитивті қарым-қатынас жасауды, олардың психологиялық, эмоционалдық жағдайын түсінуді үйренеді, бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің туындамауына көмектеседі.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламаларының мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалар әл-ауқатының теориялық негіздеріне сүйенеді, олардың жас ерекшеліктерін ескереді. Құрметті ата-ана! Әр жұма күні мектебімізде біз сіздерге әрқашанда қолдау білдіруге, ашық диалог құруға дайынбыз. Сіздерді күтеміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив